28.07.2006, 16:29 2805

Оңтүстік Қазақстан облысында қарулы шабуылдың кесірінен бір адам мерт болды, тағы бір адам жарақаттанды

ШЫМКЕНТ. 28 шілде. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында бес азамат қарулы шабуыл жасады, салдарынан бір адам мерт болып, тағы біреуі жарақаттанды. Бұл туралы агенттікке ОҚО ІІД баспасөз-қызметі хабарлаған.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бес жеткіншек Ленгір тұрғынының бірін атып өлтіріп, енді бірін жарақаттады.

26 шілде күні сағат түнгі екіде Төле би ауданы Ленгір қалалық ауруханасына қолынан жарақат алаған 20 жастағы азамат келіп түсті, сондай-ақ, оққа ұшқан 25 жастағы ер адамның мәйіті жеткізілді. Полиция қызметкерлері бұзақыларды қолға түсіру операциясын ұйымдастырды. Ленгір - Шымкент тас жолында "Мерседес" автокөлігін ұстады. Ішінде бес жеткіншек бар, олардың ең кішісі 13 жаста. Бәрі Шымкент қаласының тұрғындары. Көлікті тінту кезінде ИЖ-79 мылтығы мен ОСА тапаншасы және газды тапанша анықталған. Сондай-ақ, көлік маңынан 20 метр жерде ішінде газды тапанша, 16 калибрлі шолақ мылтық және ПР-73 келте резеңке таяқ салынған сөмке табылды.

ОҚО ІІД хабарлауынша, қолға түскендердің үстінен "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер зардап шеккендерді бұрын танымаған. Кісі өлтіру және кісі өлтіруге әрекеттену бұзақылық пиғылмен жүзеге асқан, дейді полицейлер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны