26.05.2010, 09:40 1372

Оңтүстік Қазақстан облысында қырым-конго қанды безгегінен бір ер адам қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстан облысында қырым-конго қанды безгегінен бір ер адам қайтыс болды

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында қырым-конго қанды безгегінен бір ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасына Береке ауылының 54 жастағы тұрғыны "ауыр түрделі өткір энтероколит" деген диагнозбен жатқызылған. 2010 жылдың 18 мамырында сағат 13.10-да науқас қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған, ол сағат 14.30-да қайтыс болды", - деп хабарладйы баспасөз қызметі.

ТЖМ хабарламасына сәйкес кеше, 25 мамырда оған "қырым-конго қанды безгегі" деген түпкілікті диагноз қойылды. Қырым-конго қанды безгегіне шалдыққан науқаспен қарыс-қатынаста болған 63 адам дәрігердің бақылауына алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны