29.07.2008, 16:47 2937

Оңтүстік Қазақстан облысында кісі өлтірді деген күдікпен бөлімше инспекторының көмекшісі қамауға алынды

Оңтүстік Қазақстан облысында кісі өлтірді деген күдікпен бөлімше инспекторының көмекшісі қамауға алынды

Шымкент. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында кісі өлтірді деген күдікпен бөлімше инспекторының көмекшісі қамауға алынды. Бұл туралы бүгін брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз хатшысы подполковник Салтанат Қаракөзова хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, биыл 14 шілдеде Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында ер адамның мүрдесі табылған. 15 шілдеде Тараз қаласының әйел тұрғыны 1956 жылы туған күйеуінің 13 шілдеде таңертең ерте "Ауди-6" көлігімен Шымкент қаласының көлік базарына кеткенін және сол уақыттан бері қайда екенін білмейтінін айтып, Шымкент қаласының Абай аудандық ІІБ арыз жазған.

Ерекше белгілері бойынша екі оқиғаның бір ер адам жайлы болып отырғаны анықталған. Республика бойынша жоғалған көліктің мәліметтері таратылған.

20 шілдеде Шымкент қаласына кірер тұста көрсетілген көлікпен кетіп бара жатқан Сарыағаш ауданының І-бөлімінің Келес ауылында орналасқан бөлімше инспекторының көмекшісі екені белгілі болған. Тұтқындау кезінде ол толығымен өз кінәсін мойындады.

Ол досымен бірге құрбандықтарын Шымкенттің көлік базарынан іздестірген. Бөлімше инспекторының көмекшісі полиция формасында болған. Олар көлік сатып алатындай болып, ақша әкелу керек деп қала сыртына шығып, құрбанды артқы орындықтан қылбұраумен қылғындырып өлтірген. Кейін досының көлігімен мүрдені Қызылорда облысына апарып, өртеп жіберген.

Қамаудағының сыбайласына іздеу жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны