25.09.2008, 09:37 1442

Оңтүстік Қазақстан облысында қоражайдағы өрт салдарынан 14 мал қырылды

Оңтүстік Қазақстан облысында қоражайдағы өрт салдарынан 14 мал қырылды

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында қоражайдағы өрт салдарынан 14 мал қырылды, 700 дана шөп өртенді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылындағы Ибдірайымов көшесіндегі жер үйде 25 қыркүйекте сағат 02.10-да 160 шаршы метр аумақта қоражай өртенді.

Өрт салдарынан 14 мал қырылды, 700 дана шөп өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 4 адамының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны