31.07.2008, 09:54 2700

Оңтүстік Қазақстан облысында күйдіргі деген диагнозбен ауруханаға жатқызылған ер адам қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстан облысында күйдіргі деген диагнозбен ауруханаға жатқызылған ер адам қайтыс болды

Астана. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында күйдіргі деген диагнозбен ауруханаға жатқызылған ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданы Алғабас ауылында 30 шілдеде сағат 18.10-да облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаментінен Ленгер қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 28 шілдеде күйдіргі деген диагнозбен 38 жастағы ер адамның жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Ауруханадағы қарқынды емдеуге қарамастан, 30 шілдеде науқас қайтыс болды. 20 шілдеде әлгі адам малды мәжбүрлі союға қатысқан. Қазір ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар өткізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны