02.10.2006, 15:13 2877

Оңтүстік Қазақстан облысында күйдіргі деген күдікпен 9 адам ауруханаға жатқызылды; олардың екеуіне қойылған диагноз расталды

ШЫМКЕНТ. 2-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында күйдіргі деген күдікпен 9 адам ауруханаға жатқызылды; олардың екеуіне қойылған диагноз расталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаменті құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Дәрігерлердің мәліметіне сәйкес, күйдіргі дертін жұқтыруға ауру сиырды ауыл тұрғындарының бірлесіп союы себепкер болған. Қазір бұл 9 адам да Сарыағаш аудандық ауруханасында жатыр.

Қатерлі індеттің ауданда таралып кету жолдарын анықтау үшін құрамына санитарлық дәрігерлер, медицина қызметкерлері мен мал дәрігерлері енген комиссия жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны