19.06.2006, 12:13 2723

Оңтүстік Қазақстан облысында құқық қорғау органы қызметкерінен 1 килограмм героин тәркіленді

ШЫМКЕНТ. 19-маусым. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар құқық қорғау органы қызметкерінен 1 килограмм героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне күш құрылымындағы сенімді ақпарат көзі хабарлады.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, “17-маусымға қараған түні “Оңтүстік“ аймақтық басқармасының шекарашылары Тараз бағытынан Қырғызстаннан 1 килограмнан астам героин алып өтпек болған тәртіп сақшысын ұстады. Ол ҚР ІІМ қызметкері болуы ықтимал деген жорамал бар. Есірткі тұтқынның автокөлігінен табылды”.
“Оңтүстік“ аймақтық басқармасының баспасөз қызметі адамның тұтқындалу дерегін растағанымен, материалдар ҚР ҰҚК-іне өткерілді дегенді алға тартып мәселенің егжей-тегжейін хабарламады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны