28.02.2007, 10:24 2961

Оңтүстік Қазақстан облысында күшті желден Жылу электр орталығында апат болды, 28 тұрғын үй жылусыз қалды

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында күшті желден Жылу электр орталығында апат болды, 28 тұрғын үй жылусыз қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мекеме ақпаратына сәйкес, Шымкентте Тұрлан экспедициясы ауылында 27-ақпанда 12 сағатта "3-ші Энергоорталық" АҚ-ынан 25-ақпанда қатты жел салдарынан К-54 қазандығына электр қуаты берілмей қалғаны туралы ақпарат келіп түскен. Апат салдарынан қазандықтың жұмысы тоқтатылды.
Оқыс оқиға салдарынан 28 тұрғын үй (2-3 қабатты) жылусыз қалды.
Қалпына келтіру жұмыстарына Шымкенттің коммуналдық қызметтерінен 51 адамнан құралған 10 апаттық бригада тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны