16.04.2007, 10:01 1314

Оңтүстік Қазақстан облысында құтырық деген күдікпен ер адам ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 16-сәуір. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында құтырық деген күдікпен ер адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Мақтаарал ауданының Атакент ауылдық округінде, Береке елдімекенінде 15-сәуірде, алдын-ала мәліметке сәйкес, ит қауып алу салдарынан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының реанимация бөлімшесіне 26 жастағы жігіт "құтырық" деген диагнозбен жатқызылды.

Ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны