29.01.2010, 10:23 1489

Оңтүстік Қазақстан облысында "Мазда" жүргізушісі екі баланы қақты, олардың бірі қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысында "Мазда" жүргізушісі екі баланы қақты, олардың бірі қаза тапты

Астана. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында "Мазда" жүргізушісі екі баланы қақты, олардың бірі қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында 28-қаңтарда сағат 13.30-да 24 жастағы "Мазда" автокөлігінің жүргізушісі Сайрам ауданы Мартөбе ауылының ішкі жолында 7 және 8 жасар екі баланы қағып кетті. Алған жарақаттардан бір бала оқиға орнында жан тәсілім етті, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы күні сондай-ақ Алматы облысы Талғар қаласындағы көшелердің бірінде "Лексус" автокөлігін мінген 22 жастағы азамат ағашқа соғылып, соның салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Жамбыл облысының Жамбыл ауданы "Алматы-Ташкент" автожолының 545-ші шақырымында екі "Мерседес" көлігі соғысқан, апат салдарынан 53 жастағы жолаушы мерт болып, жүргізушілердің бірі мен аты-жөні анықталмаған тағы бір жолаушы ауруханаға түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны