28.05.2010, 09:54 1608

Оңтүстік Қазақстан облысында нөсер жауынның салдарынан 54 үйді су алды

Оңтүстік Қазақстан облысында нөсер жауынның салдарынан 54 үйді су алды

Астана. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында нөсер жауынның салдарынан 54 үйді су алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "27 мамырда сағат 18.18-де Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласында қатты нөсердің салдарынан бірнеше тұрғын үйдің аулалары мен жертөлелерін су алды, барлығы 54 үй су ішінде қалып отыр.

Құтқарушылардың хабарлауынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше оқиғаның салдарын жоюға 159 адам және 35 техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны