15.01.2007, 10:33 2637

Оңтүстік Қазақстан облысында өрт 6 пәтерлі балшықтан соғылған үйді жалмады; құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 15-қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында өрт 6 пәтерлі балшықтан соғылған үйді жалмады; құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бір қабатты барак үлгісіндегі балшық үйдегі өрт жексенбі күні 20 сағат 40 минутта 180 шаршы метр аумақта шыққан. Соның салдарынан екі пәтер отқа оранып, 80 шаршы метр аумақтың шатыры құлады. Өрт жалпы 600 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт сөндіру жұмыстарына өртке қарсы күрес қызметінің 35 қызметкері жұмылдырылды. Бес техниканың көмегімен жалын 22 сағат 50 минутта шоғырландырылып, 00 сағат 30 минутта толық сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны