06.02.2007, 17:53 3170

Оңтүстік Қазақстан облысында өз көлігінен озуға мүмкіндік бермеген жүргізуші оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді

ШЫМКЕНТ. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында өз көлігінен озуға мүмкіндік бермеген жүргізуші оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 30-қаңтарда Қарабұлақ - Шымкент өткелінде "ВАЗ-21099" көлігіндегі адамдар "ГАЗель" көлігінің жүргізушісіне Макаров тапаншасынан бірнеше мәрте оқ атқан. Жүргізуші қолынан жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді. Оның айтуынша, ол өзін басып озбақ болған жеңіл көлікке жол бермегендіктен жарақаттанған.

Сайрам АІІО қызметкерлері екі жергілікті тұрғынды құрықтады. Тінту жүргізу барысында біреуінің үйінен бес оғы бар Макаров тапаншасы мен бесатар, ал екіншісінен - "Сайга" карабині табылған. Екеуінде де қарудың ешқандай құжаттары жоқ. "ВАЗ-21099" көлігінің жүргізушісі өз кінәсін мойындап отыр, бірақ "ГАЗель" жүргізушісіне оқ атқан ол емес, қасында отырған серігі екендігін айтты.

ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, ұсталғандардың біреуі қылмыстық топтың мүшесі ретінде арнайы жедел есепте тұр. Қазіргі уақытта ұсталғандардың үстінен бұзақылықтары үшін және заңсыз қару сақтауғандары үшін қалмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны