05.04.2010, 09:33 1271

Оңтүстік Қазақстан облысында өзеннен өту барысында паромнан машина құлап, 5 адам қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысында өзеннен өту барысында паромнан машина құлап, 5 адам қаза тапты

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында Балтакөл ауылының маңында 2010 жылдың 3 сәуірінде сағат 08.40-та Сырдария өзенінен өту барысында жағалаудан 15 метр жерде паром үстінен ВАЗ автокөлігі құлады, көлікте 6 адам отырған, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жүргізуші аман қалған. Ал 5 жолаушы, соның ішінде 4 жасар екі бала қаза тапты.

Жергілікті тұрғындар қаза тапқан төрт адамның мәйітін судан шығарды. Судан құтқару қызметтерінің күшімен суға батып кеткен 4 жасар қыз баланың мәйіті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны