08.09.2009, 13:46 2557

Оңтүстік Қазақстан облысында шекара қызметінің тікұшағы апатқа ұшырады

Оңтүстік Қазақстан облысында шекара қызметінің тікұшағы апатқа ұшырады

Шымкент. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында шекара қызметінің тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today құтқару қызметіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, тікұшақ қазақ-өзбек шекарасына таяу жердегі Ұғам шатқалында құлаған. Апаттың жай-жапсары, зардап шеккендер мен көлікке келген ақау сипаты туралы мәліметтер әзірге жоқ.

Төтенше жағдайлар департаментінің оперативтік қызметіндегілер тікұшақтың құлағаны туралы ақпаратты растады, алайда, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы оқыс оқиға орнына кеткенін айтып, оқиғаның мән-жайынан хабар бермеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны