21.05.2008, 10:22 1025

Оңтүстік Қазақстан облысында снарядтардың бастарына ұқсас металл заттар табылды

Оңтүстік Қазақстан облысында снарядтардың бастарына ұқсас металл заттар табылды

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында снарядтардың бастарына ұқсас металл заттар табылды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 20 мамырда 17 сағат 00 минутта "Қызылсай" станциясында №67648840 жүк вагонына тиелган 60 тонна металдың ішінен снарядтардың бастарына ұқсас металл заттар табылды.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, саперлер вагонды тексергеннен кейін металл заттардың қандай әскери немесе басқа оқ құралдарына жататындығын анықтайды. Полиция қызметкерлері РҚ қорғаныс министрлігінің саперлері келгенінше табылған белгісіз заттар жатқан жерді қоршауға алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны