28.02.2008, 17:14 4039

Оңтүстік Қазақстан облысында су ішінде қалған аудандарында жұқпалы ауруларды алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында су ішінде қалған аудандарында жұқпалы ауруларды алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

Шымкент. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Санитарлық дәрігерлер су ішінде қалған нысандардың аумағында суды зарарсыздандырып, ауырып қалғандарға көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлады агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері су ішінде қалған үйлерді, дәретханаларды, құдықтарды зарарсыздандырып жатыр. Су тасқынынан зардап шеккендердің тамақтануы мен оларды сумен қамтамасыз етілуі бақылауға алынды.

Тұрғындар тексеріліп, негізінен респираторлық ауруларға шалдыққан 588 адамға медициналық көмек көрсетілді.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, су тасқынынан 333 мал бас қырылып қалды.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, қырылған малдардан дерт таралмау үшін оны жою шаралары қолға алынды. Мал еті хлораминолмен өңделіп арнайы Беккари шұңқырына жиналды.

27 ақпанда сағат 20.00 минутта келіп түскен мәліметтер бойынша үш аудан бойынша 2357 үй ауласы, 6 мектеп судың ішінде қалып, 379 үй мен су өтетін 31 құбыр бұзылды. 12 мың 805 адам зардап шекті.

Құтқару апаттық жұмыстарға 1166 адам мен 150 бірлік техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны