25.03.2007, 12:45 3102

Оңтүстік Қазақстан облысында төрт қабатты үйдің шатыры құлады, зардап шеккен ешкім жоқ

ШЫМКЕНТ. 25-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында төрт қабатты үйдің шатыры құлады. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінен Kazakhstan Today тілшісіне хабарлағанындай, оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқыс оқиға 23-наурыз күні болған. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 28 пәтерлі тұрғын үйде шатырдың екі жабын плитасына жарықшақ түсіп, опырылып кеткен. Құлаған плиталардың салмағынан бір пәтердің төбесіндегі плитасына зақым келген.

Қазіргі жағдаймен подъезд тұрғындары туыстарының үйлеріне таратылып, пәтерлерді аудандық ІІБ қызметкерлері күзетке алды. Шатыр жабындарын одан әрі қиратпау үшін уақытша бекітіп қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны