19.09.2006, 16:14 2863

Оңтүстік Қазақстан облысында үш жасар қызды ұрлап әкеткен Өзбекстандық әйел ұсталды

ШЫМКЕНТ. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында үш жасар қызды ұрлап әкеткен Өзбекстандық әйел ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

9- қыркүйекте бір Шымкенттік әйел полицияға шағымдана келді. Ол 3 жасар қызын Өзбекстаннан жұмыс іздеп келіп, үйінде пәтер жалдап тұратын әйел ұрлап әкеткенін хабарлаған. Күдікті әйелдің фотороботы жасалып, оған іздеу жарияланды. Тоғыз күннен кейін тәртіп сақшылары оны ұрланған баламен бірге қазақ-өзбек шекарасынан өтуге әрекет жасаған сәтте Жібек Жолы ауылында қолға түсірді.

"Ийел елімізге заңсыз келген. Ұрланған қызбен бірге ол осы уақыт ішінде Астанада, Таразда және басқа да елдімекендерде болған. Қазір тергеушілер баланы ұрлау себептерін анықтауда",- деді Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Ішкі істер органдары ұсталған әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің "адам ұрлау" жөніндегі 125-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны