14.09.2009, 09:55 1566

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 150 гектар аумақта екі далалық өрт шықты

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 150 гектар аумақта екі далалық өрт шықты

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 150 гектар аумақта екі далалық өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Сайрам ауданының Көмешбұлақ ауылдық округінде 13 қыркүйекте сағат 11.40-та 75 гектар аумақта шөп жанды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 3 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 15 адамының күшімен 15 сағат 18 минутта сөндірілді.

Сондай-ақ, Ордабасы ауданының Бадам ауылдық округінде сол күні сағат 12.55-те 75 гектар аумақта шөп жанды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 8 адамының күшімен 17 сағат 35 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны