23.02.2007, 17:25 2983

Оңтүстік Қазақстан облысында жарымес әйел екі баланы пышақтап өлтіріп, үш баланы жарақаттады

ШЫМКЕНТ. 23-ақпан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысынының Мақтаарал ауданында жарымес әйел екі баланы пышақтап өлтіріп, үш баланы жарақаттады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 20-ақпанда 14.45-те ауылдардың бірінен беттері мен денелері пышақ жарақатын алған 1998, 2000 және 2002 жылы туған үш бала ауруханаға жеткізілген. Кейіннен, ауылдық округтің әкімі телефонмен үйден екі және үш жастағы тағы екі баланың денесі табылғандығын хабарлады. Төрт бала бір отбасынан, ал бесіншісі - олардың туысы.

Полицейлер күдіктіні - жүйке жүйесі ауруларын емдейтін ауруханадан жуықта емделіп шыққан 23 жастағы әйелді құрықтады. Полицейлер үйден қанға боялған екі асхана пышағы мен киімдерді тәркіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны