20.02.2009, 18:00 3098

Оңтүстік Қазақстан облысында жел қуаты станциясының жоғалып кеткен қызметкерінің мәйіті табылып танылды

Оңтүстік Қазақстан облысында жел қуаты станциясының жоғалып кеткен қызметкерінің мәйіті табылып танылды

Шымкент. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында жел қуаты станциясының жоғалып кеткен қызметкерінің мәйіті 9 ақпанда табылып, кеше ғана танылды. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек аудандық ІІБ қызметкерлері хабарлады.

АІІБ қызметкерлерінің хабарлауынша, оның мәйітін жергілікті малшылар жел қуаты станциясынан 25 шақырым, Шпақ ауылынан 5 шақырым жерден тапқан. Полицияның алдын-ала жорамалына сәйкес, Геннадий Сафронов өз әйелімен және үш жасар немересімен бірге Байжансай ауылынан қайтқан жолда адасып, станцияның жанынан өтіп кеткен. Мотошаналар станциядан бес шақырым жерден табылды. Мотошаналардың жанынан олар станцияға апара жатқан телевизор табылды.

Алдын-ала мәліметке сәйкес, Г. Сафронов үсіп өлген. Оның әйелі мен немересі іздестіріліп жатыр. Іздестіруге 20 полиция қызметкері мен 10 құтқарушы қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны