29.02.2008, 10:26 833

Оңтүстік Қазақстан облысында жер асты газ құбырынан газ шығуын тоқтату жұмыстары аяқталып келеді - ҚР ТЖМ

Оңтүстік Қазақстан облысында жер асты газ құбырынан газ шығуын тоқтату жұмыстары аяқталып келеді - ҚР ТЖМ

Астана. 29 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында жер асты газ құбырынан газ шығуын тоқтату жұмыстары аяқталып келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметіне сәйкес, Шымкенттегі диаметрі 57 мм-лік орта қысымды газ құбырынан газ шығуын тоқтатуға бағытталған апаттан қалпына келтіру жұмыстары 28 ақпан күнгі 20 сағат 30 минуттағы жағдаймен толық аяқталды. "Тұтынушыларға газ 29 ақпан күні 11 сағатта жіберіле бастайды", -деп түсіндіреді ТЖМ.

"28 ақпан күнгі 20 сағат 30 минуттағы жағдаймен Тассай кентінде 800 тұтынушы, 4 кәсіпорын мен 8 коммуналдық нысанға газ жіберу қайта жандандырылды. Сайрам ауданының Тассай кентіндегі қалған 80 тұтынушыға газ 29 ақпан күні таңертеңгі сағат 9-дан бастап жіберіледі", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкентке таяу жердегі Тассай ауылында 27 ақпанда 17 сағат 30 минутта "Қазтрансгаз-Аймақ" апаттық диспетчерлік қызметінен диаметрі 300 мм-лік жоғары қысымды жер асты газ құбырынан газ шығып жатқаны жайлы хабар келген. "Соның салдарынан 25 Шкафты-таратушы подстанция газдан ажыратылды. Сайрам ауданының Мартөбе, Таскент ауылдарының тұрғындары, Тассай кентінде 800 тұтынушы, 4 кәсіпорын мен 8 коммуналдық нысан газсыз қалды.

Бұған қоса Шымкентте 27 ақпанда 17 сағат 30 минутта "Қазтрансгаз-Аймақ" апаттық диспетчерлік қызметінен диаметрі 57 мм-лік орта қысымды газ құбырынан газ шығып жатқаны анықталғаны туралы ақпарат жетті. "Соның салдарынан 351-ші Шкафты-таратушы подстанция газдан ажыратылды. 4 көп қабатты үй - 140 пәтер, 70 жай үй, 1 балабақша газдан қағылды", -деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны