24.04.2009, 10:05 1390

Оңтүстік Қазақстан облысында жер асты магистральдық газ құбырын заңсыз кесу салдарынан мұнай ағып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында жер асты магистральдық газ құбырын заңсыз кесу салдарынан мұнай ағып кетті

Астана. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында жер асты магистральдық газ құбырын заңсыз кесу салдарынан мұнай ағып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Сайрам ауданының Құрсай елдімекенінде 23 сәуірде Павлодар - Шымкент жер асты магистральдық газ құбырына шарлы ағызғыш орнату салдарынан мұнай ағып, ол жердің бетіне шыққан.

ТЖМ мәліметінше, шамамен 50 текше метр мұнай ақты. 23 сәуір күні сағат 08.00-де мұнайдың ағуы тоқтатылды, құбырды жөндеу және табиғат қорғау шаралары қолға алынды. Төтенше жағдайды жоюға Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 15 адамы мен 5 техникасы, жалпы 61 адам мен 14 техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны