04.07.2006, 15:05 2827

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері қырым-қанды безгегіне шалдығу оқиғасы сегіз мәрте тіркеліп, төрт адам қайтыс болды

ШЫМКЕНТ. 4-шілде. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері қырым-қанды безгегіне шалдығу оқиғасы сегіз мәрте тіркеліп, төрт адам қайтыс болды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас зоологы Мұратбек Тәжіков журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Департаменттің мәліметіне сәйкес, алты айдың ішінде кене шағып алған 68 адам дәрігерлерге келген.

М.Тәжіковтың хабарлауынша, жыл сайын облыста кененің табиғи таралу ошақтарын өңдеуге 2,5-3,5 млн. теңге бөлінеді. Алайда, бұл қаржы мұқият санитарлық өңдеуге жетпейді.

Бас зоологтың мәлімдеуінше, департамент басшылығы аудан әкімдеріне ауруханаларда қырым-қанды безгегімен ауырған адамдардың қанының қорын ұстау қажеттігін ұдайы ескертеді. Өйткені, аурумен ауырған адамның антителосы бар қанын құюдан өзге бұл індетке қарсы дәрі жоқ. “Қазіргі жағдаймен осындай қор тек Созақ ауданында ғана бар”,- деді маман.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны