26.06.2008, 09:50 1334

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 25 маусымда 16 сағат 14 минутта Оңтүстік Қазақстан облысының Бадам - Арыс (3 шақырым) тас жолында "Камаз" көлігі жүк таситын "Газель" көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан "Газель" толық жанып кетті. "Газель" жолаушысы күйік салдарынан қайтыс болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны