06.01.2009, 09:29 1667

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, алтауы зардап шекті

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, алтауы зардап шекті

Астана. 6 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, алтауы зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында Жетісай - Шымкент тас жолының 215 шақырымында 5 қаңтарда сағат 11.20-да "БМВ", "Фольксваген" және "Ауди" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан "БМВ" көлігінде отырған 20 - 25 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тауып, 28 жастағы "БМВ" жүргізушісі мен 23 жастағы жолаушы, сондай-ақ, 49 жастағы "Ауди" жүргізушісі мен оның үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны