26.10.2006, 10:25 2981

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

АСТАНА. 26-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жол апаты Жетісай-Жібек жолы тас жолының 165-шақырымында болған. "Nissan" автокөлігінің жүргізушісі "ВАЗ-2106" автокөлігімен соғысты.

Апат салдарынан "ВАЗ-2106" автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, сондай-ақ, "Nissan" автокөлігінің бір жолаушысы қаза тапты. Сонымен бірге екі көлікте отырған төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны