03.01.2008, 15:03 1588

Оңтүстік Қазақстан облысында жол көлік апатында төрт адам қаза болды

Оңтүстік Қазақстан облысында жол көлік апатында төрт адам қаза болды

Шымкент. 3 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында көлік жүргізушісі болған қыз алты адамды басып өтіп, оның төртеуі қаза болды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ОҚО ІІД баспасөз қызметінде хабарлады.

"Сарыағаш ауданының Көркелес ауылында "Мерседес-бенц" көлігінің жүргізу тұтқасын басқара алмаған 19 жасар қыз жолдың жиегінде тұрған 6 адамды қағып өткен ", - деп хабарлады баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, жол көлік апаты салдарынан 3 ер адам мен 3 жасар қыз қаза болды. Тағы да екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, аудандық ауруханаға ауыр жарақатпен көлік жүргізушісі де таңылды.

С. Қаракөзованың айтуынша, жаңа жыл мерекесі кезінде облыс бойынша орын алған 26 жол көлік апатынан 10 адам қаза болып, 32 түрлі жарақаттар алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны