30.06.2009, 10:04 2871

Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында 300 гектар аумақтағы шөп өртенді

Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында 300 гектар аумақтағы шөп өртенді

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында 300 гектар аумақтағы шөп өртенді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында Көктерек кентінде 30 маусымда сағат 01.07 -де далалық шөп жанды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сағат 05.37-де сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 300 гектарды құрады. Өрт ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 3 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 25 адамының, жалпы алғанда 55 адам мен 4 техниканың күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны