03.06.2008, 16:39 2824

Оңтүстік Қазақстан облысының "Қазпошта" АҚ бөлімшесінің меңгерушісі азаматтарға миллион теңгеге шығын келтірді

Оңтүстік Қазақстан облысының "Қазпошта" АҚ бөлімшесінің меңгерушісі азаматтарға миллион теңгеге шығын келтірді

Шымкент. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Атакент ауылының "Қазпошта" АҚ бөлімшесінің бұрынғы меңгерушісі несиені өтеу үшін азаматтардың төлеген қаржысын иемденген. Бұл туралы агенттік тілшісіне ОҚО сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова хабарлады.

"Қазпошта" АҚ бөлімшесінің бұрынғы меңгерушісі азаматтардың несиені жабу үшін берген төлем қаржысын иемденіп отырған. Бастапқы кезде тергеу 97 мың 600 теңгенің жымқырылғанын анықтаған ", - деп хабарлады баспасөз хатшысы.

Қылмыстық істің тергеу қорытындылары бойынша, өткен жылдың аяғында 46 жастағы әйел үш жылға бас бостандығынан шартты түрде айрылды.

Алайда, меңгеруші жазасын алғанымен, азаматтардан несие қарызы үшін төлеген қаржысының банктердің есепшоттарына түспегендігі жөнінде арыз шағымдары түсе берді. Қаржы полициясының қызметкерлері бұл әйелдің ақша жымқыруына қатысты басқа қылмыстарын да әшкереледі. Тергеу кезінде анықталғанындай бұрынғы меңгеруші өзінің іс қимылдары арқылы азаматтарға миллион теңге шығын келтірген. Бүгінгі кезде анықталған деректердің тергеу амалдары аяқталып, іс материалдары сотқа тапсырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны