11.01.2007, 13:36 2923

Оңтүстік Қазақстан облысының кеден қызметкерлері үш килограмм алтын бұйымының контрабандасына қатысты әрекеттің жолын кесті

ШЫМКЕНТ. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының кеден қызметкерлері үш килограмм алтын бұйымдарының контрабандасына қатысты әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері шекарашылармен бірлесе отырып, Қазақстаннан Өзбекстанға "Бірлік" бақылау өткізу бөлімі арқылы кеден шекарасынан өтпек болған Өзбекстандық үш әйелді ұстады. Олар 38, 42 және 58 жаста, Самарқанд қаласының тұрғындары. Ұсталғандардан жалпы салмағы 2 кг 946 грамм болатын 296 алтын бұйымдар табылды. Алтындарға декларация толтырылмаған.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, алтын бұйымдарының жалпы бағасы 708 мың 810 теңгені құрайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының Кедендік бақылау департаментінің кантрабандамен күрес жүргізу басқарамасы ұсталғандарға қатысты 209-баптың бірінші тармағы бойынша ("Экономикалық контрабанда") қылмыстық іс және ҚР Икімшілік іс жүргізу Кодексінің 427-бабы (Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларды кедендік тексеруден жасыру) бойынша әкімшілік іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны