12.06.2009, 09:40 1138

Оңтүстік Қазақстан облысының Машат ауылында жол апатынан төрт адам қаза тауып, тоғызы жарақаттанды

Оңтүстік Қазақстан облысының Машат ауылында жол апатынан төрт адам қаза тауып, тоғызы жарақаттанды

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Машат ауылында жол апатынан төрт адам қаза тауып, тоғызы жарақаттанды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апат Түлкібас ауданының Машат ауылында болған. Қарабұлақ-Машат жолының 50-ші шақырымында 11 маусымда сағат 15.40-та 22 жастағы жігіт айдаған "ДЭУ" мен 40 жастағы ер адам айдаған "ВАЗ-2107" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан "ВАЗ" жүргізушісі мен "ДЭУ" көлігінде отырған 37 жастағы жігіт пен екі әйел оқиға орнында жан тапсырды; ал екінші жүргізуші мен екі көлікте отырған жеті жолаушы, соның ішінде 13 жасар жасөспірім мен үш және алты жасар балалар түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны