19.05.2009, 17:03 2918

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында алты жасар бала жоғалып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында алты жасар бала жоғалып кетті

Шымкент. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында Машат ауылының жанында алты жасар ұл бала жоғалып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ОҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "16 мамырда Манкент ауылында тұратын отбасы Машат ауылындағы туыстарына қонаққа келген. Олар Машат өзенінің жағасындағы Машат шатқалына серуенге шығады. Кешікпей бұл жерге басқа да туыстары жиналған. Бәрі бір-бірінен аман-саулық сұрасып жүрген кезде баладан көз жазып қалады. Ересектердің іздеу жұмыстары нәтиже бермеген".

Төтенше жағдайлар департаментіне хабар сағат 14.15-те келген, кешікпей құтқарушылар мен судан құтқару қызметінің мамандары оқиға орнына жетті. Алайда бала бүгінге дейін табылмай отыр. Баланың ата-анасы ол табылады деген үмітін үзген жоқ, бала өзенге құлағанның өзінде ағыстан төмен жерде судан шыққан шығар деп сенеді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ТЖД-нің 10 қызметкері баланы әлі де іздестіріп жатыр. Іздеуге полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар да жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны