28.10.2009, 14:40 2945

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында жол үстінен снаряд табылды

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында жол үстінен снаряд табылды

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында жол үстінен снаряд табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында Шымкент - Сарыағаш тас жолының 35-ші шақырымында 27 қазанда сағат 12.25-те жолдың шетінен ұзындығы 500 миллиметр, диаметрі 140 - 150 миллиметрлік белгісіз калибрлі снаряд табылды.

Оқиға орнын полиция қызметкерлері Қорғаныс министрлігінің саперлері келгенше қоршауға алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны