21.01.2009, 09:54 1754

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында газ құбырындағы апат жойылды

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында газ құбырындағы апат жойылды

Шымкент. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында газ құбырындағы апат жойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаметнінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлағанындай, 20 қаңтар күні сағат 14.55-те жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды. Төтенше жағдайды жою жұмыстарына "Қазтрансгаз-Аймақ"АҚ апатты жою бригадасы жұмылдырылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "19 қаңтар күні сағат 18.00-де жер қазу жұмыстары кезінде диаметрі 159 миллиметрлік жоғары қысымды жер асты газ құбырына ақау келді. Апат салдарынан 3 газ таратушы подстанция мен 32 шкафты-таратушы подстанция жұмыс істемей қалды. Жеке меншік сектордың 1600 абоненті газсыз қалды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны