20.01.2009, 18:07 2839

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында жер қазу жұмыстары кезінде газ құбырына ақау келу салдарынан 1600 абонент көгілдір отынсыз қалды

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында жер қазу жұмыстары кезінде газ құбырына ақау келу салдарынан 1600 абонент көгілдір отынсыз қалды

Шымкент. 20 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында жер қазу жұмыстары кезінде газ құбырына ақау келу салдарынан 1600 абонент көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаметнінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"19 қаңтар күні сағат 18.00-де жер қазу жұмыстары кезінде диаметрі 159 миллиметрлік жоғары қысымды жер асты газ құбырына ақау келді. Апат салдарынан 3 газ таратушы подстанция мен 32 шкафты-таратушы подстанция жұмыс істемей қалды. Жеке меншік сектордың 1600 абонент газсыз қалды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, төтенше жағдайды жою жұмыстарына "Қазтрансгаз-Аймақ"АҚ апатты жою бригадасы жұмылдырылды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны