03.08.2006, 09:51 2608

Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы пара алу үстінде қолға түскен аудандық сот төрешісінің үстінен қылмыстық іс қозғады

ШЫМКЕНТ. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы полициясы қызметкерлері пара алған аудандық сот төрешісінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл жөнінде журналистерге Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Дәурен Тұрғынбай хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Сарыағаш ауданының сот төрешісі азаматтық шағым бойынша 30 мың теңгеге оң шешім шығарып бермек болған. Полиция қызметкерлері судьяны өзінің жеке кабинетінде пара алып жатқан жерінде ұстады.

Д.Тұрғынбайдың хабарлауынша, төреші бірнеше бап бойынша айыпталуда. "Пара алу" дерегі бойынша Бас прокуратура ҚР ҚК 311 бабы 4 тармағына сәйкес "пара алу", қылмыстық іс қозғады,- дейді ол. Тергеу шаралары барысында ҚР ҚК 307 бабы бойынша "қызметін жеке басының мүддесіне пайдалану", ҚР ҚК 314 бабына сәйкес "қызмет барысында жалған құжат жасау", ҚР ҚК 350 бабы бойынша "Иділетсіз үкім, шешім шығару немесе сот актілерін жасау" жөнінде қосымша айып тағылған.

Іс сотқа жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны