28.09.2009, 10:27 1532

Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облысында екі адам пойыздардың дөңгелегінің астына түсіп мерт болды

Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облысында екі адам пойыздардың дөңгелегінің астына түсіп мерт болды

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облысында екі адам пойыздардың дөңгелегінің астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Анар теміржол бекетінде 27 қыркүйекте сағат 10.35-те 70 жастағы әйел Мәскеу-Қарағанды бағытында қатынайтын №84 жолаушылар пойызының астына абайсызда түсіп мерт болды.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында Қызылсай - Манкент теміржол өткелінде сол күні сағат 01.25-те 30-35 жастар шамасындағы азиялық текті аты-жөні белгісіз жігіт №2102 жүк пойызының астына абайсызда түсіп, оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны