24.02.2010, 09:38 1342

Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы Тайынша қаласында Октябрьская және М. Жұмабаев атындағы көшелердің қиылысында сағат 23.30-да "Мерседес" жүргізушісі 59 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, ол оқиға орнында жан тапсырды.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында сағат 21.21-де "Дэу" және "Форд" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 47 жастағы "Дэу" жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды; оның үш жолаушысы, соның ішінде 24 және 70 жастағы ер адамдар мен үш жасар бала, сондай-ақ, екінші көліктің 37 жастағы жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны