25.05.2012, 14:24 6094

Оңтүстік Қазақстанда болған көлік апатынан 4 мектеп түлегі мен жүргізуші мерт болды

"Қайғылы оқиға бүгін "Жетісай-Атакент" автожолында болды. 1995 жылы туған төрт жігіт мінген автокөлікті 1992 жылы туған такси жүргізушісі басқарған. Жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, КАМАЗ-дың астына кіріп кетті. Жүргізуші мен түлектердің төртеуі де көз жұмды", - деп хабарлады облыстың Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Шымкент. 25-мамыр. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан 1995 жылы туған 4 мектеп түлегі мен 1992 жылы туған такси жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қайғылы оқиға бүгін "Жетісай-Атакент" автожолында болды. 1995 жылы туған төрт жігіт мінген автокөлікті 1992 жылы туған такси жүргізушісі басқарған. Жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, КАМАЗ-дың астына кіріп кетті. Жүргізуші мен түлектердің төртеуі де көз жұмды", - деп хабарлады облыстың Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

"Мектеп түлектері соңғы қоңырауға байланысты салтанатты жиынға қатысқаны белгілі болды. Олар Атакент ауылынан таксимен шығып, қайтып келе жатқанда жол-көлік апатына ұшырайды. Жастар Жетісайға бара жатқаны туралы ақпарат бар, бірақ әлі нақтыланған жоқ. Такси жүргізушісі сау болған", - деді С.Қаракөзова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны