17.01.2008, 10:49 1414

Оңтүстік Қазақстанда газ балонының жарылысынан екі адам зардап шекті

Оңтүстік Қазақстанда газ балонының жарылысынан екі адам зардап шекті

Астана. 17 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстанда газ балонының жарылысынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ мәліметтері бойынша, Оңтүстік Қазақстандағы Арыс қаласында көп пәтерлі үйдің бірінде пайдалану техникасының тәртібі сақталмағандықтан газ баллоны жарылып, ауаға таралған газ қоспасы жанды. Соның салдарынан екі адам 1 дәрежелі күйікке шалдығып, ауруханаға жеткізілді.

"Жарылыстың салдарынан жеті пәтердің есіктері істен шығып, бір пәтердің терезе әйнектері сынды ", - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны