08.06.2012, 17:27 3602

Оңтүстік Қазақстанда мектептің оқу меңгерушісі мектеп бітірушіден ҰБТ жақсы өткізуі үшін ақша талап еткен

Оңтүстік Қазақстан облысында селолық мектептердің бірінің оқу меңгерушісі мектеп бітірушінің анасынан ұлының ҰБТ жақсы өткізуін қамтамасыз етеміз, деп 450 мың теңге ақша сұраған.

Астана. 8-маусым. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстанда мектептің оқу меңгерушісі мектеп бітірушіден ҰБТ жақсы өткізуі үшін ақша талап еткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысында селолық мектептердің бірінің оқу меңгерушісі мектеп бітірушінің анасынан ұлының ҰБТ жақсы өткізуін қамтамасыз етеміз, деп 450 мың теңге ақша сұраған.

"2012 жылы 4-маусым күні алдау және сеніміне кіру арқылы А. азаматшасынан 450 мың теңге ақша алды деген күдікпен Ордабасы ауданы Қызылжар елдімекені орта мектебінің оқу бөлімінің меңгерушісі ұсталды", делінген жұмада облыстық қаржы полициясынан таралған хабарламада. Оған қатысты "Қылмысқа дайындалу" және "алаяқтық" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өткен бейсенбіде күдіктіден бұлтарпау шарасы ретінде ешқайда кетпейтіндігі туралы қолхат алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны