21.09.2011, 11:25 3285

Оңтүстік Қазақстанда полиция қызметкері снаряд тауып алды

ҚР Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, 20 қыркүйек күні сағат 16.00 Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Шарбұлақ елдi мекенiнен 2,5 км қашықтықта ІІД полиция инспекторы снарядқа ұқсас зат тауып алған.

Астана. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақтанда полиция қызметкері снаряд тауып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, 20 қыркүйек күні сағат 16.00 Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Шарбұлақ елдi мекенiнен 2,5 км қашықтықта ІІД полиция инспекторы снарядқа ұқсас зат тауып алған.

"Арнайы шаралар өткiзу барысында ол заттың снаряд екені анықталған (диаметрі 10 см, ұзындығы 32 см). Снарядты ҚР ҚМ саперлері келгенге дейін полиция қызметкерлерi қоршап тұрды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Ақтауда, "Родон" бұлағынан 11 км қашықтықта ІІД қызметкері артиллериялық снарядқа ұқсас зат тауып алды.

"Арнайы шаралар өткiзу барысында ол заттың артиллериялық оқу-жаттығу снаряды екені анықталған (диаметрі 10 см, ұзындығы 56 см). Снарядты одан әрі жою үшін "Арлан" АТБ саперлері алып кетті", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны