23.06.2010, 15:53 2989

Оңтүстік Қытайда 3,5 млн жуық адам су тасқынынан зардап шегіп, 37 адам мерт болды

Ресми ақпарат көздеріне сүйенсек, 22-маусым күнгі сағат 17.00 мәлімет бойынша 37 адам мерт болып, су тасқынынан зардап шеккен 210 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген, тағы 3150 адам қауіпті жағдайдан құтқарылған. Сонымен қатар, 165 мың гектар егіндікті су шайып кетсе, 16 мың 395 тұрғын үй қираған.

Алматы. 23-маусым. Kazakhstan Today 12-маусымнан бері толассыз жауған жаңбыр салдарын Оңтүстік Қытайда су тасқыны болып, 3,5 млн жуық адам зардап шексе, 37 адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Синьхуа" АА сілтеме жасай отырып.

Ресми ақпарат көздеріне сүйенсек, 22-маусым күнгі сағат 17.00 мәлімет бойынша 37 адам мерт болып, су тасқынынан зардап шеккен 210 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген, тағы 3150 адам қауіпті жағдайдан құтқарылған. Сонымен қатар, 165 мың гектар егіндікті су шайып кетсе, 16 мың 395 тұрғын үй қираған.

Синоптиктердің болжамдары бойынша, маусымның 24 мен 26-сы аралығында Гуансиде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны