13.08.2008, 09:49 1484

Орал мен Көкшетауда өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты

Орал мен Көкшетауда өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Орал мен Көкшетауда өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Көкшетау қаласындағы Лермонтов көшесінде жай үйде 12 тамызда сағат 21.16-да 12 шаршы метр аумақта өрт шықты, соның салдарынан бір адам қайтыс болды. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 4 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 16 адамының көмегімен 22 сағат 29 минутта сөндірілді.

Сонымен бірге, Оралда 12 тамызда сағат 13.34-те №698 гаражда 50 шаршы метр аумақта өрт шықты. Өрт салдарынан бір ер адам қаза тапты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 10 адамының көмегімен 15 00 сағатта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны