27.06.2008, 10:16 1280

Оралда әйел мен баланы кепілдікке алып, оларды босату үшін 6 млн теңге талап еткен ер адам қамауға алынды

Оралда әйел мен баланы кепілдікке алып, оларды босату үшін 6 млн теңге талап еткен ер адам қамауға алынды

Орал. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оралда ішкі істер департаментінің мамандары әйел мен сәбиді кепілдікке алып, оларды босату үшін 6 млн теңге талап еткен ер адамды қамауға алды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Батыс Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметінің бастығы Фатихолла Машатахов мәлім етті.

Оның айтуынша, қылмыскер әйел мен баланы өздерінің Оралдағы пәтерлерінен ұрлап кеткен.

Кепілге алынғандарды босату бойынша арнайы операцияны "Арлан" арнайы қызмет бөлімшесінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері, Батыс Қазақстан облысының ҰҚК департаментінің қызметкерлері мен ІІД оперативтік-тергеу тобы жүргізді.

Қылмыскер 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі талап етілген соманың бір бөлігін берер кезде тұтқындалды. Ийел мен бала аман-есен босатылды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарын БҚО ІІД тергеу басқармасы жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны