02.04.2010, 09:42 1358

Оралда апат салдарынан 1,5 мың абонент сусыз қалды

Оралда апат салдарынан 1,5 мың абонент сусыз қалды

Астана. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Оралда апат салдарынан 1,5 мың абонент сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 1 сәуірде сағат 17.30-да Сарайшық көшесінде кәріз коллекторының бұзылуы салдарынан су қамтамасыздығы жүйесіндегі қысым азайды. Соның салдарынан 1,5 мың абонент сусыз қалды.

Жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарына "Орал Су Арнасы" РМК-ның 15 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны