18.10.2010, 12:47 3013

Оралда белгісіз біреу жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар бергеннен кейін түнгі клубтан 700 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Оралда белгісіз біреу жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар бергеннен кейін түнгі клубтан 700 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 18 - қазан. Kazakhstan Today - Оралда белгісіз біреу жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар бергеннен кейін түнгі клубтан 700 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"2010 жылдың 17-қазанында сағат02.37 БҚО Орал қаласының ІІД кезекші бөліміне белгісіз біреу қоңырау шалып, "Рай" түнгі клубынажарылғыш заттың қойылғандығы туралы хабар берген", - деп хабарлады ТЖМ.

"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Түнгі клубтан 700 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Жүргізілген арнайы амалдардың нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған", - деп атап өтті ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны