16.07.2013, 17:24 3879

Оралда бұзақылар 26 жастағы жігітті ұрып өлтірді

Оралда төрт бұзақы 26 жастағы жігітті ұрып өлтірді, деп хабарлайды BNews.kz БҚО ІІД-ге сілтеме жасап. Ұсталғандардың бірі мәлімдегендей, олар зардап шеккен жігітті басқа біреумен шатастырып алса керек.

Орал. 16-шілде. Kazakhstan Today - Оралда бұзақылар 26 жастағы жігітті ұрып өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оралда төрт бұзақы 26 жастағы жігітті ұрып өлтірді, деп хабарлайды BNews.kz БҚО ІІД-ге сілтеме жасап. Ұсталғандардың бірі мәлімдегендей, олар зардап шеккен жігітті басқа біреумен шатастырып алса керек.

Трагедия 13 шілдеге қараған түні "У пристани" дәмханасының жанында болған. Зардап шегуші жабық бас сүйек-ми жарақатынан көз жұмды.

"Куәгерлер төрт жігіт дәмханадан шығып, жолдың бойында қоштасқанын айтады. Жәбірленуші сол жерде жалғыз өзі қалған. Кенет оған бірнеше жігіт жүгіріп келіп, соққының астына алады. Зардап шегуші облыстық ауруханада көз жұмды", - деп хабарлады БҚО ІІД тергеу басқармасының бастығы Мағауия Құрмашев.

Полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт адамды ұстады. Оның екеуі -21 мен 23 жастағы күдіктілер ІІБ жанындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

"ҚР ҚК 257 бабы 2 бөлімі және 103 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің бірін дәмханада біреулер ұрып кеткен. Содан кейін ол достарын жинап келіп, өзін ренжіткен адамды жәбірленушімен шатастырып, оны ауыр соққының астына алған", - деп атап өтті М.Құрмашев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны